RU
Толық нұсқаға өту

Оңтүстік Кореяда ыстықтан 16 адам көз жұмды

04.08.2026, 14:10 40

Бұл туралы президент Ли Чжэ Мён мәлімдеді. Сынап бағанасы қазір 40 градустан асып тұр. Елдің Ұлттық метеорология агенттігінің хабарлауынша, 2 тамызда ауа температурасы 42,5 градусқа жеткен. Мамандар: "Бұл - кейінгі 122 жылдағы ең жоғары көрсеткіш", - дейді.

Мемлекет басшысы министрлер кабинетінің отырысында шенеуніктерді халықты аптаптан  қорғау шараларын тез арада қабылдауға шақыры, энергия жүйелерін шұғыл тексеруді тапсырды. Ел астанасы Сеулдің кейбір аудандарында төтенше жағдай жарияланған. "Рёнхап" агенттігінің мәліметінше, көршілес Солтүстік Кореяда да аптап ыстық орнады. Онда температура күндіз 40, ал түнде 20 градустан жоғары.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz