RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та орман өртіне қатысты күдікті ұсталды

04.08.2026, 15:15 38

АҚШ-тың Спокан қаласындағы орман өртіне қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол өртті қасақана қойған болуы мүмкін. Бұл жөнінде Reuters агенттігі хабарлады.

Күдіктіден тұтандырғыш пен су өткізбейтін сіріңке табылған. Жалын 3 мың гектар аумақты шарпып, 700 ғимаратты, соның ішінде тұрғын үйлер мен кәсіпорындардың күлін көкке ұшырған.  Апат салдарынан 64 мыңға жуық адам эвакуацияланды. 14 тұрғын із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Қазір күдіктінің әрекетіне қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz