Чилидің орталық және оңтүстік өңірлерінде толассыз жауған жаңбырдан су тасқыны болып, екі адам қаза тапты. Мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Тағы 6 мың адам апат болған аудандарда сыртқы әлеммен байланыссыз қалды.
Табиғи апат салдарынан 25 үй қирап, 600-ден астам баспанаға зақым келді. Билік тұрғындарды қайықпен қауіпсіз жерге көшірді. Апат болған жерде төтенше жағдай жарияланып, іздестіру, бақылау жұмыстары жүріп жатыр.
Тегтер #Чили #тасқын #қауіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz