RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде мұнай қайта қымбаттады

04.08.2026, 17:30 33

Әлемдік мұнай бағасы қайта өсті. Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері 1,5 пайызға жуық қымбаттап, барреліне 83 долларға жетті.

Ал WTI мұнайы 1 пайыздан астам өсіп, 80 доллардан жоғары саудаланды. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Иран жаңа келіссөз бастайды, деп мәлімдеген еді. Кейін қара алтынның бағасы күрт төмендеді. Дегенмен Иран келіссөз туралы ақпарды теріске шығарды. Сондықтан сарапшылар мұнай нарығы әлі де құбылмалы күйінде қала береді деп болжап отыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz