Үндістанның Ассам штатында су тасқынынан қаза тапқандар саны 85 адамға жетті. Табиғи апаттың зардабын әлі 135 мыңға жуық тұрғын тартып отыр.
Жүздеген ауылды су басып, мыңдаған гектар егістік алқабы жарамсыз күйге түсті. Эвакуацияланған тұрғындар үшін 140-тан астам уақытша лагерь мен гуманитарлық көмек көрсету орталығы ашылды. Сонымен қатар баспанасынан айырылған отбасыларға өтемақы төлене бастады. Қазір өңірде құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #тасқын #ҮндістанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz