Шри-Ланкада су тасқыны мен көшкін салдарынан бес адам опат болды. Тағы екеуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Табиғи апат елдің орталығындағы таулы өңірлерге елеулі зиян келтірді.
Онда 100-ден астам тұрғын үйді су басып, егістік алқаптар бүлінген. Қазір екі мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өңірдегі мектептердің жұмысы уақытша тоқтап тұр. Іздеу-құтқару жұмыстарына әскери әуе және теңіз күштері жұмылдырылған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #шриланка #су тасқыныPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz