RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та 3200 гектар аумақ өртеніп кетті

05.08.2026, 08:00 38

АҚШ-та кейінгі 3 күнде 3200 гектар аумақ жанып кетті. Жалпы Тынық мұхитының солтүстік-батыс аумағында кейінгі уақытта бірнеше өрт шыққан. Тұтас ормандар өртеніп, Вашингтон штатының Спокан қаласында 700 ғимарат оттың ортасында қалған. Көліктер де, үйлер де жанып кетті.

Бұл шаһарда шамамен 230 мыңдай адам тұрады. Оның 64 мыңы табиғи апатқа байланысты шұғыл қауіпсіз жаққа көшірілді. Осының алдында Спокан қаласындағы орман өртіне қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталған. Бастапқы тергеу мәліметі бойынша ол қасақана от қойған. Қазір Вашингтон штаты бойынша төтенше жағдай жарияланды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz