Израиль Газа секторына қатысты Бейбітшілік кеңесі ұсынған жоспарды қолдамады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Оның айтуынша, ХАМАС толық қарусызданбайынша Израиль әскері Газа секторынан шықпайды.
Израиль үкіметі жоспарға өз ескертпелері мен ұсыныстарын енгізіп, құжатты Бейбітшілік кеңесіне кері жолдаған. Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп бұл жоспар ХАМАС пен өзге қарулы топтарды кезең-кезеңімен қарусыздандыруды көздейтінін айтқан еді.
Тегтер #Израиль #Газа #жоспар #ХАМАСPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz