RU
Толық нұсқаға өту
madenietaqparat

Қазақстан ұсынған бастама аясында Замбияда волонтерлер жылы ресми бекітілді

05.08.2026, 10:27 49

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ деңгейінде жарияланған Халықаралық тұрақты даму мақсатындағы волонтерлер жылы аясында әлемнің түкпір-түкпірінде ауқымды іс-шаралар өтуде. Осы бастаманы қызу қолдаған Замбия Республикасында да Халықаралық жылдың ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды «24KZ».

Салтанатты шара Мвинилунга ауданында «Әрбір үлес маңызды: волонтерлер қоғам дамуына үлес қосады» атты ұранмен ұйымдастырылды. Жиын барысында елдегі волонтерлік қызметтің тұрақты дамуға қосып жатқан өлшеусіз үлесі кеңінен насихатталды.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып, ресми рәсім кезінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің үндеуі оқылды.

Айта кету керек, Халықаралық жылдың ресми ашылуы қарсаңында Замбияда волонтерлік қызметті дәріптеуге бағытталған ауқымды науқан, экологиялық акциялар және қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz