SpaceX пен NVIDIA жасанды интеллект үшін мәліметтер өңдейтін ортақ ғарыш орталығын құрады. Бұл туралы "Икс" әлеуметтік желісіндегі парақшада хабарланған. Осыған орай компаниялар Starmind AI1 жерсеріктерін бірлесіп жасау қамына қазірден кірісіп кетті.
Оларға NVIDIA Rubin графикалық процессорлары мен NVIDIA Vera орталық процессорлары орнатылмақ. Бұл сонау ғарышта жасанды интеллектіге арнап есептеу амалдарын іске асыруға мүмкіндік береді дейді мамандар. Есептеу қуатын 120 киловатқа жеткізу мақсаты қойылған. SpaceX аталған алғашқы құралдарды орбитаға 2027 жылдың басында шығаруға ниетті.
Тегтер #SpaceX #NVIDIA #ЖИ және цифрландыру #жерсерікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz