Қазақстан Prosperity Index Әл-ауқат рейтингінде Орталық Азия елдері арасында көш бастады. Британиялық Legatum Institute сараптама орталығының мамандары жылда 167 елді экономика, өмір сүру сапасы, жеке бостандықтары, денсаулық, білім және басқа да көрсеткіштер бойынша бағалайды. Жаңартылған тізімде қазақ елі 66-орында тұр. Қырғызстан 87, Өзбекстан 94, Түрікменстан 150-орынға жайғасқан.
Зерттеу авторларының мәліметіне сәйкес Қазақстан 2011 жылдан бері рейтингте 17 тармаққа көтерілген. Олар ең оңды өзгерістер денсаулық сақтау саласында байқалғанын айтылады. Сонымен қатар білім беру және экономика саласында да ілгерілеу бар. Айта кетейік, Prosperity Index рейтингісін Дүниежүзілік банк пен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сарапшылары елдер бойынша өз талдауын жасағанда басшылыққа алады.
Тегтер #Қазақстан #Prosperity Index #рейтинг #Орталық АзияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz