RU
Толық нұсқаға өту

Израиль Газа жоспарын қабылдамады

05.08.2026, 15:30 48

Израиль Бейбітшілік кеңесінің Газа секторына қатысты жоспарын қабылдамай тастады. Мәселе ХАМАС-ты қарудан айыруға келгенде тығырыққа тірелген. Бұл туралы премьер-министр Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Оның айтуынша, ХАМАС қару-жарағын толық тапсырмайынша, Израиль әскері анклав аумағынан шығарылмайды.

Бейбітшілік кеңесінің жоспарын ресми Тель-Авив тыңғылықты қарап, өз ұсыныстарын жазып, кері қайтарған. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп бұл құжат ХАМАС пен Газа секторындағы басқа топтарды біртіндеп қарусыздандыру, Израиль әскерін шығаруға бағытталғанын айтқан еді. Палестиналық қозғалыс та "Израиль әскері кетпей, қаруды тастамаймыз" деп қарсылық білдіріп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz