Хуситтер Аден шығанағында Сауд Арабиясының мұнай танкеріне шабуыл жасады. Олар кемені баллистикалық зымыранен атқанын хабарлаған. Содан кейін танкер бағытын өзгертті. Десе де хуситтер операция сәтті аяқталды және Саудия әскери-теңіз блокадасын күшейтуге мәжбүр болып жатыр деп қуана мәлімдеді.
Британияға тиесілі Сауда және операциялар басқармасы шабуылдың жасалғанын растады. Ұйымның мәліметінше, танкер экипажы зардап шеккен жоқ. Мұнай төгілмеген. Тергеу жалғасып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, шілдеде хуситтер мен Сауд Арабиясы бір-біріне шабуыл жасай бастады.
Тегтер #хуситтер #саудия танкері #шабуылPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz