Ауғанстанда гуманитарлық дағдарыс ушығып барады. Әсіресе азық-түлік үлестіру жағы қиындаған. Біріккен Ұлттар ұйымы осылай деп дабыл қақты. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының дерегінше, елдің үштен бір провинциясында балалардың дұрыс тамақтанбауы аса қауіпті деңгейге жеткен.
Мыңдаған бала қажетті медициналық көмек пен күнделікті азық-түліктен қағылып отыр. Ұйым қаржыландыру көлемі артпаса, алдағы айларда жағдайдың одан әрі ушығатынын ескертті. Сондай-ақ халықаралық қауымдастықты гуманитарлық көмекті жедел арттыруға шақырды.
Тегтер #БҰҰ #Ауғанстан #гуманитарлық дағдарысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz