АҚШ-та 30-ға дейінгі жастардың жартысына жуығы саяси өмірге интернеттегі жаңалықтарға лайк басу немесе бөлісу арқылы араласуды жөн көреді.
Зерттеуді Pew орталығы жүргізген. Бұл туралы америкалық «Уошиңтон Пост» басылымы хабарлады. Сауалнама ағылшын және испан тілдерінде жүргізілген. Оған 5 жарым мыңға жуық адам қатысты. Ал кейбір елдер жастарды сайлауға көптеп тарту үшін дауыс беру жасын заңмен төмендеткен. Мәселен, Аустрия, Аргентина, Мальта және Германияның кейбір аймақтары дауыс беру шегін 16 жасқа түсірді. Ал Үндістан жастарының саяси белсенділігі жаңаша сипатқа ие болып жатыр. Z буынына жататын 1997 мен 2012 жылдар аралығында туған жастар саяси қозғалыс құрып алды. Сарапшылар Үндістан жастарының қозғалысы жақында саяси партия ретінде тіркеліп, 2029 жылы көктемде өтетін парламент сайлауына қатысуды жоспарлап отыр дейді.
Абхиджит Дипке, Үндістанның Z ұрпағы жастары қозғалысының негізін қалаушы:
- Біздің елдегі қазіргі саяси жүйе Z ұрпағы жастарымен байланыс орнатуға еш тырыспайды. Біздің буынның басында қандай мәселелер бар, не нәрселер қызықтырады, армандары мен үміттері қандай – бұларға үлкен буын саясаткерлері еш бас қатырып жатқан жоқ. Біздің мақсатымыз – Z ұрпағы жастарының мәселелеріне жоғары деңгейде назар аударту. Бұл қозғалысты саяси партияға айналдыру өте маңызды және дұрыс шешім деп ойлаймын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #интернет #жастарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz