RU
Толық нұсқаға өту

Дамаскіде жарылыс болды

07.08.2026, 07:00 37

Сирия астанасы Дамаскіде жойқын жарылыс болды. Лаңкестік әрекеттен 2 адам қаза тауып, тағы 13-і жараланған.

Қаскөйлер шағын автобусқа қолдан жасалған жарылғыш қойып кеткен. Жарылыстан кейін жақын маңдағы ауруханаларда төтенше жағдай жарияланды. Зардап шеккендердің көбі – әйелдер мен балалар. «Рейтердің» жазуынша, жарылыс болған ауданда шиіттік ағымды ұстанатын друздар қауымы тұрады. Олар Сирияның жаңа билігімен дүрдараз.

Біріккен Ұлттар Ұйымы наурызда арнаулы тергеу жүргізіп, былтыр шілде айында елдің оңтүстігіндегі Свейда провинциясында 1 мың 700-ден астам адамның қаза болғанын, олардың басым бөлігі осы друз қауымының өкілдері екенін атап көрсеткен болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz