Шолпан-Атада Еуразиялық үкіметаралық кеңес өтті. Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров мүше мемлекеттер делегациялары басшыларымен кездесті. Алқалы жиында алты құжат қабылданды. Арасында еуразиялық экономикалық одақ тауарларының электрондық саудасы туралы келісім бар. Бұл электрондық коммерцияны қарқынды дамытуға, бизнес мүмкіндіктерді кеңейтуге және қатысушылар нарығына еркін енуге жол ашады.
Сондай-ақ одаққа мүше мемлекеттердегі ғылыми атақтар құжатын өзара тануға уағдаласты. Ынтымақты бекемдеу бойынша да бірқатар өкімдер қабылданды. Осы ретте Қазақстанның азық-түлік экспорты артқанын айта кету керек.
Санмен сөйлетсек, былтыр 7 млрд долларға жеткен. Соның 51 пайызы қайта өңделген, яғни дайын тауар. Бұдан юөлек 26 млн тоннаға жуық астық дақылдары өндірілді. Бидай экспортындағы орнымыз әлемдік ондықта. Майлы және дәнді дақылдар, ұн, мен макарон бойынша да үздік тасымалдаушылар сапында. Бірақ, кедергі қашан да кездеседі. Сондықтан келелі мәселе аталған кеңесте келісіммен шешіліп жатыр.
Тегтер #ЕАЭО елдері #еркін нарық #Шолпан Ата #Садыр ЖапаровPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz