RU
Толық нұсқаға өту

Жапонияға тайфун таяп қалды

07.08.2026, 17:12 40

Жапонияның оңтүстік-батыс жағасына «Дельфин» тайфуны келе жатыр.

Желдің екпіні қазірдің өзінде сағатына 200 шақырымға жетті. Ең үлкен қауіп Кагосима мен Окинава префектураларына төніп тұр. Аймақтағы 260 мың тұрғынға шұғыл көшу туралы нұсқау берілді. Әуе компаниялары 500-ден астам рейсін кейінге шегерген. «Тойота» корпорациясы ондаған зауыт жұмысын дереу тоқтатуға мәжбүр. Метеорологтар жауын-шашын соңы алапат тасқынға ұласуы мүмкін деп ескертті. Мамандардың есебінше, бұл биылғы 13-тайфун. Былтыр олардың саны 27 болған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz