Нигериядағы қарулы топтартың тұтқынына түскен 308 адам құтқарылды. Ауқымды операцияға әскерилер, полиция және арнайы қызмет өкілдері қатысқан.
Алайда қылмыскерлердің ұсталғаны жайлы мәлімет жоқ. Еске сала кетейік, биыл ақпан айында содырлар Нигерияның солтүстігіндегі бірнеше ауылға шабуыл жасап, 300-ден аса адамды ұрлап әкеткен еді. Қылмыстық топ оларды Каинджи көлі маңындағы орманда ұстап отырған. Жалпы Нигерияда қарулы топтардың ауылдарға шабуылдап, тұрғындарды ұрлауы жиі кездеседі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Нигерия #қарулы топPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz