Испания шекаралық бақылауды күшейткен Италияға наразы. Рим испанның Сеута қаласына мигранттар ағылғаннан кейін осындай шешім қабылдаған.
Ал Мадрид бұл әрекетті Еуроодақ мүдделеріне қайшы келеді деп, жексенбіге дейін тексерулерді тоқтатуды талап етті. Бірақ Италия билігі шектеулер кем дегенде 15 тамызға дейін сақталатынын мәлімдеді. Сеута - Африканың солтүстік жағалауында орналасқан Испания аумағы. Бұл қала арқылы африкалықтар Еуропаға жиі заңсыз өтеді. Шілде айының соңында Мароккодан 70 мыңнан астам адам шекараны кесіп өтуге әрекет жасады. Олардың 100-ге жуығы көз жұмды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Испания #шекараPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz