АҚШ стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбаларды өндіруге 3 млрд долларға жуық инвестиция салады. Бұл туралы президент Дональд Трамп мәлімдеді.
Оның айтуынша, қаржының жартысы Вашингтон штатында аккумуляторға қажет материалдар шығаратын зауыт құрылысына жұмсалады. Тағы 1 млрд доллар Аризона штатындағы мыс өндіру жобасын дамытуға бөлінеді. Ал қалған қаржы аэроғарыш саласына қажетті скандий және қорғаныс өнеркәсібіне арналған магниттер шығаруға жұмсалады. Сонымен қатар тау-кен саласына мамандар даярлайтын оқу орындарына да инвестиция құйылады. Ақ үй басшысы бұл жобалар елдің шикізат импортына тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді деп санайды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #инвестицияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz