Жапониядағы жойқын тайфуннан кейін 56 мың тұрғын үй жарықсыз қалды. Жел екпіні сағатына 216 шақырымға дейін жетіп, соңынан толассыз нөсер құйған.
Окинава мен Амами аралдарына әуе рейстері кейінге шегерілді. Қазір тайфун Қытайдың шығыс жағалауына қарай жылжып барады. Сондықтан бұл елде қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды. Аймақта порттар жабылып, кеме қатынасы тоқтатылды. Синоптиктер 12 тамызға дейін Қытайдың шығысында нөсер мен дауыл соғады деп болжайды. Кейбір аудандарда жауын-шашын мөлшері 600 миллиметрден асуы мүмкін.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Жапония #тайфунPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz