Испанияның оңтүстік-батысында ірі орман өртімен күрес жалғасып жатыр. Рейтердің хабарлауынша, тілсіз жау өткен жұма күні Уэльва провинциясында тұтанып, 4 мың гектар аумақты қамтып үлгерген.
300-ден астам адам шұғыл қауіпсіз жаққа көшірілді. Табиғи апат салдарын жою үшін жүздеген өрт сөндірушімен қатар сарбаздар да тартылған. Бірақ өртті сөндіру мүмкін болмай тұр. Бұған аптап ыстық пен күшті жел кедергі. Желдің екпіні сағатына 50 шақырымға жеткен.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Испания #орман өртіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz