Иран АҚШ-пен түпкілікті келісімге келу шартын жариялады. Бұл үшін Штаттар парсы еліне қатысты саясатын түбегейлі өзгертіп, қол қойылған меморандум аясында бейбітшілік талаптарын бұлжытпай ұстануы керек.
Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан осылай деп мәлімдеді. Сонымен қатар Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы Мұхаммад Багер Золькадр Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын жандандыру үшін Вашингтон Тегеранға тиесілі активтерді босатып, аймақтағы әскерін алып кетуге тиіс. Бұдан бөлек, Ислам Республикасы өзінің одақтастарына қысым жасауды доғарып, қарулы қақтығыс кезінде келтірілген шығындар үшін өтемақы төлеуді талап етіп отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz