RU
Толық нұсқаға өту

Абай шығармалары АҚШ Конгресі кітапханасына тапсырылды

10.08.2026, 13:05 34

АҚШ Конгресі кітапханасына Абайдың қара сөздері негізінде әзірленген ағылшын тіліндегі жаңа басылым сыйға берілді. Кітапты Вашингтондағы Қазақстан елшісі Мағжан Ілиясов табыстады.

«Ұрпаққа ұлағат» деп аталатын еңбек Абай ойларын жас оқырманға графикалық кескіндемелермен жеткізеді. Автор Гүлмира Амандықова бұл жобаға бес жылға жуық уақыт жұмсады. Басылым қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жарық көріп, қазір он екі тілге аударылған.

Айтулы мерекеге орай ұсынылған сыйды тамыры терең дәстүрдің жалғасы деуге болады. Осыдан 66 жыл бұрын Мұхтар Әуезов те Вашингтонға сапары кезінде осы кітапханаға өз шығармаларын ұсынған еді. АҚШ Конгресі кітапханасы – әлемдегі ең ірі кітап қорларының бірі. Ол америкалық заң шығарушыларға қызмет көрсетеді. Мұнда миллиондаған кітаппен қатар түрлі карта, қолжазба, фото, дыбыс және бейне жазбалардың бай қоры сақтаулы. Қазір онда Абай шығармаларының қырыққа жуық басылымы мен ақын мұрасына арналған үш жүздей кітап бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz