Осыған дейін АҚШ визасын алған 175 мың адамның құжаты енді жарамсыз. Бұл – былтыр Дональд Трамп билікке келген кезеңнен бастап бүгінге дейін жүргізілген тексерістердің нәтижесі. АҚШ мемлекеттік департаменті визалық режим талаптарын бұзғаны үшін мыңдаған адамды Америка аумағына кіру құқығынан айырды.
Олардың дені ұйымдасқан және жеке қылмыстық әрекеттерге қатысы бары анықталды. Соның ішінде бала ұрлау қылмысымен және алаяқтықпен ұсталғандары көп. Бұдан бөлек, заңсыз есірткі тасымалы, көлікті мас күйінде жүргізу сияқты себеппен мыңдаған виза жарамсыз деп танылды.
Тегтер #АҚШ #виза #Дональд Трамп #визалық режим #алаяқтық #қылмыс #тексерісPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz