RU
Толық нұсқаға өту

Трамп Ираннан өтемақы талап етті

11.08.2026, 15:00 44

«Иран АҚШ-қа өтемақы төлеуі керек». Дональд Трамп Тегеранның Вашингтоннан өтемақы төлеу талабына осылай деп жауап берді.

Ақ үй басшысының мәлімдеуінше, Ислам Республикасы қаза тапқан америкалықтар үшін құн төлеп, жараланғандарына өтемақы беруге тиіс. Бірақ ол нақты соманы атаған жоқ.

«Бұдан бөлек, биыл қаңтар айында Иранда үкіметке қарсы шығып, құрбан болғандар үшін олардың отбасына да ақша төлеуі қажет», - деді. Осының алдында Тегеран Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын жандандыру үшін АҚШ өтемақы төлеп, санкцияларды алып тастап, әскери қауіп төндіруді біржола тоқтатуы керек талап қойған болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz