RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ балаларға салынатын екпе санын қысқартады

11.08.2026, 15:10 273

Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары енді тек 11 инфекцияға қарсы вакциналауды ұсынады.

Бұған дейінгі тізімнен тұмау, А және В гепатиті, менингит, ротавирус және COVID-19-ға қарсы екпелерді қоса алғанда, 7 вакцина алып тасталды. Енді бұл екпелер тек қауіпті деңгейдегі кәмелетке толмағандарға ғана тағайындалмақ. 

Ақ үй әкімшілігі шешім аутизмнің алдын алу мақсатында қабылдағанын алға тартады. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы былтыр вакциналау аутизмге еш әсер етпейтінін мәлімдеген еді.    

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz