Колумбияда жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмысы жалғасып жатыр.
Жойқын зілзаладан опат болғандар саны 164-ке жетті. 570 тұрғын жараланған. 1900 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы жергілікті билік мәлімдеді. Жер сілкінісі кеше таңертең Колумбияның батысындағы Чоко департаментінде болды. Дүмпудің магнитудасы 7,4 балға жетті. Зілзала 400 шақырымдағы ел астанасы Боготада да сезілген. Онда ағаштар мен бағдаршамдар шайқалып, ғимараттардағы тұрғындар шұғыл сыртқа шығарылды. Табиғат апатынан ең көп зардап шеккен Кали қаласы. Қазір шығын көлемі анықталып жатыр. Аймақта бірнеше әуежай жабылды. Дүмпудің жойқын болғаны сонша, көрші Венесуэла мен Эквадор аумағында да сезілген.
Тегтер #Колумбия #құтқару жұмыстары #жер сілкінді #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz