RU
Толық нұсқаға өту

Башар Асад өлім жазасына кесілді

11.08.2026, 21:49 31

Сирия соты елдің бұрынғы президенті Башар Асадты өлім жазасына кесті.

Үкім сырттай шығарылды. Рейтер ((Reuters)) агенттігінің хабарлауынша, Асад 2011 жылы үкіметке қарсы наразылықтарды басу кезінде қасақана кісі өлтіру, азаптау және адамдарды заңсыз бостандығынан айыру баптары бойынша кінәлі деп танылды. Сот экс--президенттің інісі Махер Асад пен немере ағасы Атеф Нәжибті де сырттай өлім жазасына кесті. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, Башар Асад 2024-ші жылдың желтоқсанында билігі құлаған соң Сириядан Ресейге қашып кеткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz