RU
Толық нұсқаға өту

Сирия ядролық материалдарын шығаруға келісті

11.08.2026, 22:33 38

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Сириядағы жабық нысандардан ядролық материалдарды шығарады.

Бұл жөнінде Аксиос ((Axios)) басылымы хабарлады. МАГАТЭ мен Сирия жаңа үкіметі арасындағы келісімге АҚШ араағайын болған. Нәтижесінде Сириядағы "99-нысан" деп аталатын орыннан уран концентратын шығару жоспары бар. Бұл жерде Сирияның ядролық бағдарламасынан қалған материалдар, оның ішінде бұрынғы президент Башар Асад билігі кезінен сақталған қалдықтар бар. Израиль бұл нысандарға соққы жасайтынын ескерткен. Сондықтан Сирия билігі материалдарды халықаралық агенттіктің бақылауымен ел аумағынан жыл соңына дейін шығаруға келісті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz