RU
Толық нұсқаға өту

Ливан өлім жазасынан толық бас тартты

12.08.2026, 07:15 41

Ел парламенті ең қатаң жазаның орнына өмір бойына бас бостандығынан айыру және мәжбүрлі еңбекке тарту жазасын қолдану туралы заң жобасын мақұлдады. Құжатты 128 депутат қолдады.

Оған тек «Хезболла» фракциясы қарсы дауыс берген. Бұл шешім тарихи қадам ретінде бағаланып отыр.

Ливанда өлім жазасынан бас тарту мәселесі көп жылдан бері қозғалып келеді. Елде соңғы рет өлім жазасы 2004 жылы орындалған. Осылайша Ливан өлім жазасынан бас тартқан Таяу Шығыстағы алғашқы ел болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz