RU
Толық нұсқаға өту

Еуропаға туристер ағылып жатыр

12.08.2026, 09:30 37

Күннің тұтылуын көру үшін миллиондаған турист Испания мен Исландияға ағылып жатыр. Себебі сирек құбылысты осы елдерден анығырақ көруге болады. Испанияның өзіне 6 миллионға жуық адам жиналмақ.

Билік оларға арнап 600 алаң құрды. Тәртіпті қадағалауға 35 мыңнан астам полиция тартылған. Туристер нөпірі артқан соң Испанияның кейбір қаласында қонақ үйлерді жалдау құны бірден 2 есе өсті. 

Ал Францияда күннің тұтылуын көруге арналған көзілдіріктерге сұраныс артқан. Өйткені мамандар Күнге құралсыз қарау көзге зиян екенін айтады. НАСА күннің тұтылуы бірнеше минутқа ғана созылатынын айтады.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz