АҚШ Оман шығанағында Иранмен байланысы бар сауда кемесін зымыранмен атқылады. Бұл туралы Штаттардың Орталық қолбасшылығына сілтеме жасап, «Ассоушейтид Пресс» агенттігі хабарлаған.
Америкалық Қарулы Күштер: «Кеме экипажы бірнеше рет жасалған ескертуді тыңдамағанын, содан кейін барып су көлігінің негізгі қозғалтқыштары мен тетіктері орналасқан арнайы бөлімге соққы бергенін» айтады. Осыдан-ақ Вашингтон мен Тегеранның арасы әлі ушығып тұрғанын көруге болады. АҚШ Иранның әскери инфрақұрылымын бомбаласа, Ислам Республикасының Қарулы Күштері американың Парсы шығанағындағы базаларына соққы жасап жатыр. Тараптар бұдан да жойқын шабуылдар жасайтынын да ескерткен. Біріккен Ұлттар Ұйымы жағдайдың ушығуына байланысты Ормуз бұғазында 6 мың теңізшінің әлі күнге дейін қамалып тұрғанына алаңдаушылық білдірді.
Тегтер #АҚШ #Ормуз бұғазы #Иран #кеме #зымыранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz