Панама каналымен өтетін кемелерден алынатын алым құны ұлғайды. Financial Times басылымының мәліметіне сүйенсек, осы айда транзиттің орташа құны 1 миллион доллардан асты.
Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 16 есе көп. Ал кей компаниялар кезекте тұрмас үшін 4 миллион долларға дейін төлеген. Бағаның күрт өсуіне Ормуз бұғазындағы жағдай себеп. Әлемдік логистикалық бағыттар Панама арқылы айналып өтуге мәжбүр. Сонымен қатар қуаңшылық салдарынан каналда су деңгейінің төмендеуі де тасымал бағасының қымбаттауына әсер етті. Бұлай жалғаса берсе, Панама каналының кірісі жыл соңына қарай 5 миллиард доллардан асуы мүмкін. Бұл қаражаттың едәуір бөлігі Панама мемлекетінің бюджетіне түседі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #панама каналы #транзит #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz