Зимбабведе жолаушылар кемесі аударылып, 15 адам опат болды. Тағы 27-сі ізім-қайым кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша ауыр жүк тиеген паром Кариба көлінде аударылып қалған. Құтқарушылар 77 адамды эвакуациялап, оларды жақын маңдағы шағын аралға жеткізді. Ел билігі бортта 114 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болғанын хабарлады. Ал кеме 90 адамды тасымалдауға есептелген. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Зимбабве #кемеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz