2050 жылға қарай Еуропалық Одақтың ауыл шаруашылығы секторындағы жыл сайынғы шығыны 40 миллиард еуродан асуы мүмкін. Бұл туралы Financial Times хабарлады.
Ғалымдар құрғақшылық, су тасқыны, бұршақ және үсіктің егіннің өнімділігіе әсерін есептеген. Қазірдің өзінде ыстыққа байланысты еуропалық фермерлердің жыл сайынғы шығыны 28 миллиард еуроға жетіп отыр. Бұл шығындардың 70 пайызға жуығы сақтандырылмаған.
Тегтер #Еуроодақ #аптап ыстық #ауыл шаруашылығыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz