RU
Толық нұсқаға өту
фото:instagram.com/tomomi_nishikubo/

Жапониялық велошабандоз Гиннестің екі рекордын жаңартты

13.08.2026, 10:25 42

Жапониялық велошабандоз Томоми Нисикубо велосипедпен қауіпті трюк жасап, Гиннестің рекордтар кітабына бірден екі рекорд енгізді, деп хабарлайды 24KZ.

34 жастағы спортшы шаңғымен секіруге арналған олимпиадалық трамплиннен артқа қарай, тек алдыңғы дөңгелекке сүйеніп төмен түскен. Осылайша ол еңіс бойымен 136,6 метр қашықтықты бағындырып, 37,5 градус еңіс бұрышында трюк орындаған.

Бұл нәтиже оған Гиннестің рекордтар кітабына екі көрсеткіш бойынша енуге мүмкіндік берді: бір дөңгелекпен ең ұзақ түсу қашықтығы және ең үлкен еңіс бұрышымен түсу.

Томоми Нисикубо кім?

Томоми Нисикубо 1992 жылғы 23 мамырда Жапонияда дүниеге келген. Ол велосипед тебуді бес жасынан бастап, алғашында мотокросспен айналысқан. 12 жасында алғашқы триал велосипедіне ие болған.

2013 жылы Нисикубо Оңтүстік Африка Республикасында өткен UCI әлем чемпионатына қатысып, 25-орын алды. Ал 2016 және 2017 жылдары қатарынан Жапонияның триалдан чемпионы атанды.

Кейін спортшы көрерменге әсерлі бейнероликтер түсіруге басымдық берген. Оның видеолары миллиондаған қаралым жинап, Нисикубоны велотриалдағы ең танымал спортшылардың біріне айналдырды.

Қазір Томоми Нисикубо заманауи велотриал әлеміндегі ең танымал экстремалшылардың бірі саналады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz