Елдің жаһандық азық-түлік жүйесіндегі рөлі күшейіп келеді. Бұл туралы шетелдік The World Financial Review журналында жарияланды. Былтыр аграрлық секторда жалпы өндіріс көлемі 18,2 млрд доллардан асты. Бұдан бөлек, құны 230 млн доллардан асатын 53 инвестициялық жоба іске қосылды. Азық-түлік өндірісінің көлемі 7,5 млрд долларға жетіп, 8 пайызға артты.
2030 жылға қарай Қазақстан тыңайтқыш экспорттаушы елге айналады. Жалпы, отандық фермерлер ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемнің 72-ден астам еліне жеткізеді. Былтыр су үнемдеу технологиялары енгізілген алқаптардың көлемі 543 мың гектарға жетті. Биыл тағы 163 мың гектар жерді қамту жоспарланған.
Тегтер #Қазақстан #рейтинг #азық түлік #The World Financial ReviewPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz