Кэролайн Левитт осы айдың аяғында жұмысын тәмамдайды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп «Тру Соушәл» әлеуметтік желісінде жазған.
Оның айтуынша, Левитт көп уақытын отбасына арнауға шешім қабылдапты. Бірақ ол Трамптың штаттан тыс кеңесшісі болып қала бермек. Жаңа баспасөз хатшысының кім болатыны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Кэролайн Левиттің жасы 28-де. Ол АҚШ әкімшілігінің тарихындағы ең жас баспасөз хатшысы атанған.
Тегтер #Ақ үй #Трамп #баспасөз хатшысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz