RU
Толық нұсқаға өту

Виктор Друзин Әлем чемпионатында үздік үштікке енді

13.08.2026, 14:35 37

Қазақстандық спортшы Виктор Друзин жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Будапештте өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем чемпионатының техникалық Соло бағдарламасында отандасымыз 238 жарым ұпай жинап, үздік үштіктен көрінді. Осылайша Виктор Друзин Қазақстан құрамасына Әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдені сыйлады.

Алтын медаль ресейлік Захар Трофимовқа бұйырса, күміс жүлдені испаниялық Энеко Санчес Агилар иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Виктор Друзин Әлем Кубогының суперфиналында техникалық және еркін солода жеңімпаз атанған еді. Енді Будапешттегі қола медаль спортшымыздың халықаралық деңгейдегі кезекті табысы. Жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты 16 тамызға дейін жалғасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz