Йемен Иранды хуситтер қозғалысын қолдады деп айыптады.
Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Афра әл-Зуба мәлімдеді. Айтуынша, хуситтердің әрекеті Тегеранның мүддесін ілгерілетуге бағытталған және Таяу Шығыстағы қауіпсіздікке қатер төндіреді. Сондай-ақ Қызыл теңіз, Баб әл-Мандеб бұғазы және Аден шығанағын халықаралық кеме қатынасына қысым көрсету құралы ретінде пайдаланып отыр, деп айыптауда. Бұған дейін хуситтер Йемендегі теңіз порты мен әскери нысандарға әуе соққысын жасаған. Оған қарымта ретінде үкімет күштері елдің шығысындағы хуситтердің бекіністеріне шабуыл ұйымдастырды. Кейін Йемен мен бірқатар аймақ елдері айдындағы кеме қатынасын қорғау үшін көпұлтты теңіз қорғанысы альянсын құруды ұсынды.
Тегтер #Йемен #Иранмен соғыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz