АҚШ-тың батысында да алай-түлей. Алапат тасқын кезінде Индиана штатының Кембридж қаласында 3 адам ажал құшты. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады.
Құрбандар арасында 4 жастағы бала бар. Ол құлаған ағаштың астында қалып қойған. Күшті жел электр желілерін үзіп, 450 мың үй мен кеңсе жарықсыз қалған. Огайо штатындағы Колумбус қаласында төтенше жағдай жарияланды. Сонымен қатар осы аймақтағы түрмеге найзағай түсіп, 16 сотталушы зардап шекті. 4-еуі ауруханада жатыр. Дәрігерлер «біреуінің халі нашар» дейді.
Тегтер #АҚШ #тасқын #Индиана #кембридж #РейтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz