Газа секторында онкологиялық аурулардан көз жұмғандар саны артты. Жергілікті мамандардың мәліметі бойынша, қақтығыс басталғалы, яғни 2023 жылдан бері қатерлі ісіктен жан тапсырғандар 2-3 есе көбейген.
Бұған дейін Израиль әскері Газадағы жалғыз мамандандырылған онкология ауруханасының күл-талқанын шығарған еді. Ал ем-дом іздегендерге бірқатар шектеу қойды. Қазір 17 мыңға жуық науқас химиотерапия мен өзге де күрделі ем түрлеріне мұқтаж. Тағы 5 мың тұрғынға шұғыл операция қажет. Бірақ Израиль әскері газалықтардың Мысыр шекарасын кесіп өтуіне шектеу қойып отыр.
Тегтер #Газа #Газа секторы #қатерлі ісік #көз жұмғандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz