RU
Толық нұсқаға өту

И. Кац: Израиль Ливаннан әскерін әкетпейді

14.08.2026, 09:50 35

ЦАХАЛ Ливанның оңтүстігінде әскерін ұзақ мерзімге қалдыруға ниетті. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді. Сондай-ақ ЦАХАЛ бөлімшелерінің мақсаты ел іргесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін алға тартты. Өз кезегінде АҚШ Мемлекеттік департаменті Израильдің бұл ұстанымын сынға алды.

Вашингтон Израильдің бұл шешімі АҚШ-тың арағайындығымен жасалған келісімге қайшы екенін ескертті. Құжатта әскери күштерді кезең-кезеңімен шығару және Ливанның жекелеген аудандарында "Хезболла" ұйымын қарусыздандыру көзделген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz