АҚШ дрондар мен олардың бөлшектерін импорттауға салық енгізді. Ақ үйдің хабарлауынша, шешім ұлттық қауіпсіздікті нығайту үшін қабылданған, өйткені адамсыз ұшатын құралдар қазіргі қарулы қақтығыстар үшін басты соғыс технологиясына айналды. Енді бұдын былай көкке көтерілгендегі салмағы 25 келіден асатын және жылу арқылы бейнелеу мүмкіндігі бар модельдерге 100% тариф қолданылады.
Кішігірім дрондар мен басқа да құрамбөлшектер үшін салық – 25 пайыз. Тариф деңгейі географиялық орналасуына да байланысты өзгереді. Мәселен, ЕуроОдақ, Жапония, Лихтенштейн, Оңтүстік Корея, Швейцария және Тайвань өнімдеріне 15 пайыз салық салынады. Ұлыбритания үшін тариф 5 пайызға төмен. Жаңа шектеу шаралары қол қойылғаннан 21 күннен кейін күшіне енуге тиіс.
Тегтер #АҚШ #дрон #импорт #салықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz