RU
Толық нұсқаға өту

Инчхон әуежайында жолаушылар легі артты

14.08.2026, 10:20 37

Оңтүстік Кореядағы Инчхон әуежайы халықаралық жолаушылар легі ең қалың әуежай атанды. Биыл жыл басынан бері 38 миллион 390 мың адам халықаралық бағыттарда сапар шеккен. Бұл былтырғымен салыстырғанда 6 пайызға көп. Қазір Инчхонда 101 әуе компаниясы әлемнің 53 еліндегі 183 қалаға рейс орындайды.

Кейінгі орында Лондонның Хитроу және Сингапурдың Чанги әуе айлақтары тұр. Бұл тұста Инчхон әуежай әкімшілігінің өкілдері халықаралық сапарларға сұраныстың артуын Таяу Шығыстағы шиеленістермен байланыстырып отыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz