Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында ауқымды стоматологиялық операциядан кейін көз жұмған 75 жастағы әйелдің өлімі тергеліп жатыр, деп хабарлайды «24KZ» Oxu.Az басылымына сілтеме жасап.
Анықталған деректер бойынша марқұмға бір күннің ішінде 11 тіс импланты орнатылған, ал қайғылы оқиғаға анестезияның артық мөлшері себеп болған.
Клиника құжаттарына сәйкес, процедура кезінде оған 1 088 мг анестетик егілген. Алайда салмағы 54 кило болатын науқас үшін ұсынылатын ең жоғары қауіпсіз доза шамамен 378 мг ғана еді.
Осылайша, әйел кісі шекті мөлшерден үш есе көп дәрі қабылдаған. Бастапқыда клиника бұл 11 имплантты бір мезгілде әдеттегіден әлдеқайда төмен бағамен орнатуды ұсынған.
Корей стоматологиялық қауымдастығы бұл қайғылы жағдайға дейін-ақ пациенттерді күдікті төмен бағалармен тартатын клиникалардың қауіп-қатері туралы ескерткен болатын.
Қазіргі уақытта полиция енгізілген препарат дозасының қаншалықты негізді болғанын және науқастың жағдайы нашарлағаннан кейін клиника қызметкерлерінің қалай әрекет еткенін анықтап жатыр.
Тегтер #имплант #корея #Сеул #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz