Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров екінші мерзімге сайлауға түсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ». Бұл туралы ол журналист Али Токтакуновқа берген сұхбатында айтты.
Садыр Жапаровтың сөзінше, сайлауға барлық ниет білдірушілер қатыса алады және басқа кандидаттарға ешқандай шектеу қойылмайды. Қырғызстанда кезекті президенттік сайлау 2027 жылдың 27 қаңтарында өтуі тиіс.
Еске сала кетсек, Садыр Жапаров 2021 жылдың қаңтарында өткен мерзіктен тыс сайлауда дауыстың 79,2 пайызын жинап, мемлекет басшысы болып сайланған болатын.
Тегтер #Қырғызстан #Жапаров #сайлау #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz