Түркияның Мугла провинциясындағы Катранджи шығанағында туристер мінген кеме өртенді. Тілсіз жаудан қашқан жолаушылар мен экипаж мүшелері құтқару кеудешелерін киіп, теңізге секіруге мәжбүр болды.
Су көлігінің бортында 115 адам, оның ішінде балалар да болған. Оқиға орнына жағалау күзеті, теңіз полициясы, құтқарушылар және медицина қызметкерлері барып, жолаушыларды аман-есен құтқарып алды. Өрттің себептері анықталып жатыр.
Тегтер #турист #кеме #өрт #жолаушы #ТүркияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz